Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордаға Ресейден келген 42 студент оқшауланды (ФОТО)

Қызылордаға Ресейден келген 42 студент оқшауланды (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылордаға Ресейден 42 студент келді. Олардың арнайы автобуспен елге жетуін Ресейдегі Қазақстан елшілігі қамтамасыз етті. Облыс жастарын орталық директоры Бауыржан Мастеков, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұркен Мықбасовпен бірге тиісті сала өкілдері күтіп алды.
1 «Б» категориясына жататын елден келгендіктен студенттер енді арнайы тест сынамаларын тапсырады. Соның қорытындысы негізінде тұрғылықты жері бойынша 14 күн үй жағдайындағы карантинге қатаң бақылауға алынады немесе қандай да бір күдік болған жағдайда провизорлық стационарға жіберіледі.
Айта кетейік, облыс әкімдігі мен Ресей Федерациясының университеттері арасындағы екіжақты меморандумға сәйкес, бүгінде Мәскеудің және Санкт-Петербургтың маңдайалды оқу орындарында 328 жас білім алуда. Бұған дейін 62 қызылордалық елге оралды.
Бұл ретте басты мәселе – жастардың жауапкерлігі, сақтыққа салғырттық танытпауы болып отыр.
Себебі, осы кезге дейін Шиелідегі бір ғана оқиға талай отбасын вирус құрсауына алып, опық жегізді.

23 сәуір 2020 ж. 161 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области