Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ораза кезінде крем жағып, боянуға бола ма?

Ораза кезінде крем жағып, боянуға бола ма?

Kyzylorda-news.kz. Ораза кезінде жиі қойылатын сұрақтардың бірі бетке крем жағып, боянуға бола ма? Бұл сауалға Ақтөбе облыстық «Нұр ғасыр» мешітінің ұжымы жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Дін өкілдерінің сөзінше, терідегі ұсақ тесіктер арқылы ет пен терінің арасына сіңетін заттар оразаны бұзбайды.
«Мысалы, крем жағу, май жағу, судың ішінде ұзақ тұруға және жараның бетіне дәрі таңуға болады. Тек крем мен майды пайдаланған кезде қатты қалыңдатпаған жөн. Себебі, қалың жағылған крем не май дәрет алған кезде суды теріге жібермеуі мүмкін. Расында оразаны сырттан ішке кірген нәрселер бұзады. Сондықтан бетке, қолға жағылған түрлі жақпаларды лак секілді заттарды қолдану оразаға кедергі емес. Алайда аталмыш майлар, лактар денеге су өткізбейтін болғандықтан құлшылық үшін алынатын дәреттен бұрын сүртіп не өшіру қажет болады», - дейді мамандар.
Сонымен қатар дін мамандары ораза кезінде біреуге тіл тигізіп, ғайбат сөйлеп, өсек айтудан тыйылуға шақырды. Бұл оразаны бұзбағанымен, шариғатта біреудің сыртынан жамандап ғайбат айту, сөз тасу үлкен күнә дейді мамандар.
29 сәуір 2020 ж. 909 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области