Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда оқ өндірісі іске қосылды

Қазақстанда оқ өндірісі іске қосылды

Kyzylorda-news.kz. Премьер-министр Асқар Мамин бүгін Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келіп, оқ шығаратын зауытты іске қосты.
Шараға Премьер-министрден бөлек, Қазақстан Республикасының күштік құрылым өкілдері де қатысты.
«Қазақстан оқ зауыты» жобасын «Steel Manufacturing» ЖШС жүзеге асырады. «Бұл – жоғарғы технологиямен жабдықталған әрі халықаралық стандарттарға сай оқ шығаратын зауыт болады», - дейді жобаға жауаптылар.
«Қазақстан инжиниринг» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасы Қуаныш Бишімовтің айтуынша, зауыт халықаралық стандартқа сай оқтар шығарып, Қазақстанды шетелден келетін оқ дәріге тәуелділіктен құтқарады. Сондай-ақ, зауыт Қазақстанның күштік құрылымдарының бәрін толық қамтып қана қоймай, өнімін импортқа шығаруға да жол ашылмақ.
«Егер өндірісті толықтырып жіберсе, НАТО стандарттарына сай өнім шығаруға болады. Бұл өнімді сатудың географиясын кеңейтеді. Қосымша жұмыс орындарын ашуға септігі тиеді», – дейді Қ. Бишімов.
06 мамыр 2020 ж. 329 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области