Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Samsung телефондарын оңай бұғаттауға болатыны анықталды

Samsung телефондарын оңай бұғаттауға болатыны анықталды

Kyzylorda-news.kz. 2014 жылдан бері құрастырылған Samsung смартфондарының оңай бұғаттауға болатын кемшілігі бар екені анықталды, деп хабарлайды Stan.kz.
Бұл туралы қауіпсіздік сарапшысы Матеуш Юрчик мәлімдеді.
Оның сөзінше, кореялық ұйым әзірлейтін смартфондардың ең осал тұсы Skia графикалық қосымшасы арқылы суреттерді өңдеген кезде байқалған. Хаккерлер мұны пайдаланып ұялы телефондарды оңай бұғаттай алады екен. Осылайша олар телефоныңыздағы сізге қатысты барлық ақпаратқа оңай қол жеткізіп, тіпті, сіздің құрылғыңызды өзінің бақылауына алу мүмкіндігін иеленеді.
Юрчик бұл кемшілік 2014 жылдан бері құрастырылған барлық Samsung смартфондарына қатысты екенін айтады. Бұл Android жүйесінің суреттің жаңа форматы енгізілгеніне байланысты дейді ол.
Қазіргі таңда ұйым басшылығы жіберген қателіктерін түзеп, жаңа бағдарлама әзірлепті. Алайда жаңа бағдарламаны жүктеп үлгермегендердің саны беймәлім.
11 мамыр 2020 ж. 194 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области