Ауа райы: Қызылорда облысында ескерту жарияланды
Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.12 мамырда таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды.
Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады.
Таңертең және күндіз желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетуі мүмкін.

























