Министр кей азаматтың 42 500 теңгені екінші рет неге ала алмай отырғанын түсіндірді
Kyzylorda-news.kz. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов неліктен кей қазақстандықтың 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді екінші рет ала алмай отырғанын түсіндірді.
Министрдің айтуынша, бүгінде төлемді 4 миллион 539 мың адам алған. Бұл бағытқа бюджеттен 193 миллиард теңге бөлінген.
«Төтенше жағдай режимінің алғашқы айында, яғни 16 сәуірге дейін 3 миллион 735 мың адам төлем алды. Бұл адамдар төлемді екінші рет алуға құқылы. Біз мамыр айының басынан бастап төлемді жүргізе бастадық. Демалыс күндерінің алдында 5-6 мамырда екі миллионнан астам тұлғаға төлеу үшін шешім шығарылды. Біз банктерге 99 миллиард теңге бөлдік», - деді министр Үкімет үйінде өткен онлайн-брифингте.
«Кей азамат әлеуметтік төлемді алып үлгерді. Алайда демалыс күндері банктер жұмыс істемеді, бірақ бүгіннен бастап азаматтар 42 500 теңгені алып жатыр. Бұл төлемдер алуы тиіс басқа адамдарға да тағайындалады», - деді Нұрымбетов.

Бұған дейін министр Қазақстанда 11 мамырдан бастап 42 500 теңге төлемақысын беруге өтініш қабылдау тоқтатылғанын атап өткен болатын.
11 мамырға дейін түскен өтініштерді Еңбек министрлігі қарастырады және оң шешім шығарылса, төлем жүргізіледі.