Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 42500 теңгеге байланысты шағымды қайда жолдауға болады

42500 теңгеге байланысты шағымды қайда жолдауға болады

Kyzylorda-news.kz. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі еліміздегі төтенше жағдай кезінде төленген 42500 теңгелік жәрдемақы мәселесі бойынша қайда шағымдануға болатынын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz.
Бұған дейін WhatsApp месенджерінде 11 мамыр күні төлемге өтініш беру тоқталғаны және егер сізге 42 500 теңге төленбесе, электронды түрде шағым беру керектігі айтылған хабарлама таралыпты.
Осыған орай министрлік өкілдері бұл ақпарат жайлы пікір білдірді.
«Табысынана айырылғандардың 42 500 теңгеге өтініш беруі Қазақстандағы ТЖ режимі аяқталғаннан кейін 11 мамыр күні сағат 18:00-де тоқтатылды. Осы уақытқа дейін өтінім жолдап үлгергендердің жағдайы қарастырылатын болады. Егер еңбек министрлігі қажет деп тапса, жәрдемақы беріледі», - деді министрліктің өкілдері.
Бұған қоса министрліктегілер 16 сәуірге дейін өтініш жолдағандар тағы бір қайтара 42 500 теңгені ала алатындарын алға тартты. Ал одан кейін бергендер тек бір рет төлемді ала алады.
«Өтініштің қаралуын 42500.enbek.kz сайтынан кіріп бақылауға болады. Егер белгілі жағдайларға байланысты өтінімді қайта қарау керек болса, 42500@enbek.kz, 42500@gfss.kz мына электронды поштаға хат жолдай алады», - деп қосты министрліктегілер.
Еске салайық, бұған дейін елімізде Төтенше жағдай аяқталғанына байланысты елімізде 42500 теңгеге өтініш беру тоқтатылғанын хабаралған едік.
12 мамыр 2020 ж. 280 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области