Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда букмекерлік кеңселер тек спорттық оқиғаларға ставкалар қабылдауға міндеттеледі

Қазақстанда букмекерлік кеңселер тек спорттық оқиғаларға ставкалар қабылдауға міндеттеледі

Kyzylorda-news.kz. Букмекерлік кеңселерге тек спорттық оқиғаларға ставкалар қабылдау міндеті белгіленеді. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында тиісті заң жобасын талқылау кезінде Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бәс тігуге қатысушылардың деректер қоры жалпыға бірдей декларациялауды енгізуге, бәс тігуге қатысатын клиентті шектеу және клиенттің өзін-өзі шектеу рәсімін енгізуге ықпал ететін болады, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі шараларды күшейтеді», - деді А. Райымқұлова.
Сонымен қатар ол тек спорттық оқиғаларға ставкалар қабылдау міндетін белгілеу ұсынылғанын айтты.
«Оқиғаның нәтижесіндегі ашықтықты және ойыншылардың құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында букмекерлік кеңселерге тек спорттық оқиғаларға ставкалар қабылдау міндетін белгілеу ұсынылады», - деді ведомство басшысы.
Айта кетейік, жекелеген букмекерлік кеңселер виртуалды футбол, хоккей, баскетбол, теннис, автожарыс және компьютер көмегімен пайда болатын басқа да виртуалды оқиғаларға ставкаларды қабылдайды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, букмекерлік кеңселерде бәс тігуге қатысудан шектеу тетігін іске асыру үшін ставкаларды есепке алу орталығын құру жоспарланып отыр.
13 мамыр 2020 ж. 167 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области