14 мамыр: Ел тарихында орын алған оқиғалар
1993 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ТМД мемлекеттері басшылары Кеңесінің отырысына қатысты. Кездесу қатысушылары Декларация қабылдап, интеграция жолымен, тауар, капитал және қызметтердің еркін қозғалысы үшін ортақ нарық құруға ұмтылыстарын білдірді.
2009 жылы Киев қалалық кеңесінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы шешімімен Шевченко ауданындағы Кузьминская көшесіне қазақ поэзиясының алыбы Жамбыл Жабаевтың есімі берілді. 2009 жылғы 8 мамырда осы көшеде Жамбыл Жабаевтың мемориалдық тақтасы салтанатпен ашылды.
2018 жылы Ресей, Қазақстан, Германия, Польша және Қытайдың бірлескен кинотуындысы - «Айка» фильмі 71-ші халықаралық Канн кинофестивалінің негізгі конкурстық бағдаламасына енді. Бұл фильмде басты рөлді Канн кинофестивалінің «Үздік актриса» аталымының жеңімпазы Самал Еслямова сомдады.