Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысында ауа райының қолайсыздығына орай ескерту жарияланды

Қызылорда облысында ауа райының қолайсыздығына орай ескерту жарияланды

Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер еліміздің 9 облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Қызылорда облысында жаңбыр, кей жерлерде найзағай, желдің екпіні секундына 15-20 метр, кей жерлерде секундына 23 метрге жетеді.
Елді мекендерде қауіпсіздік техникасының басты ережесін ұстану керек. Шағын қалалар мен мегаполистерде дауыл кезінде зардап шегу ықтималдығы жоғары болады. Қатты дауыл соққанда үйдегі барлық терезе тығыз жабылуы тиіс.
Толық жабылмаған балкон мен лоджиядан қатты жел кезінде сыртқа үшып кетуі мүмкін барлық затты (құмыра, жәшік, шөлмек және т.б.) алып тастау керек. Тұрғын үй бұрышындағы балкондарда дауыл кезіндегі рамасымен бірге ескі терезесі ұшып кеткен жағдай кездеседі.
Көшеде дауыл тұрған кезде жарнама қалқандары (және басқа да аспалы құрылымдар), автобус аялдамасы, электр бағанасы мен желісі, сондай-ақ ағаштардан барынша алыс тұрыңыз. Айналаңызға сақ болыңыз, үстіге құлап кетуі мүмкін заттардан алшақ болуыңыз. Үзілген сымдар мен құлайтын заттарға (ағаштарға) жақындауға болмайды.
«Қатты жел соқса ол тыйылғанша жақын маңдағы ғимаратта немесе табиғи ықтасынға жасырыну қажет. Үлкен ағаштың, әсіресе теректің астына көлік қоюға болмайды, өйткені ағаш немесе оның ірі бұтағы құлап басып қалуы мүмкін. Шіріген және кәрі, сондай-ақ жалғыз тұрған ағаштар да өте қауіпті. Үйден шықпаңыздар, жақындарыңызды қорғаңыздар», делінген ескертуде.
18 мамыр 2020 ж. 169 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области