Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Халық Бейсен Құранбекті соңғы сапарға шығарып салды

Халық Бейсен Құранбекті соңғы сапарға шығарып салды

Kyzylorda-news.kz. Халық белгілі тележурналист Бейсен Құранбекті соңғы сапарға шығарып салды. Қоштасу рәсімі Талдықорғандағы журналистер үйінде өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Көрерменнің сүйіктісіне айналып, әр қазақтың жүрегіне мейірім ұялата білген Бейсен Абайұлын соңғы сапарға шығарып салуға халық көп жиналды. Бейсен Құранбектің «Айтуға оңай», «Қарекет» сияқты жобаларына миллиондар разы болса, Жетісу журналистер үйі сияқты өзі мұрындық болып салынған көп дүниесі көпшілікке беймәлім. Ал, өмірінің соңғы алты жылында басшы болған «Жетісуда» Бейсен Құранбек бір шоғыр іні-қарындасына жол көрсетіп кетті. Елдің мұңын өз мұңындай көріп, көпке қамқор бола білген жүректі азамат Бейсен Құранбекті халқы шын жақсы көрді. Іні-бауырларын «батыр» деп еркелететін арда тұлғамен ел-жұрт қимай қоштасты.
Бейсен Абайұлы жайлы жылы естеліктерімен бөліскен танымал журналист Нұртілеу Иманғали әріптестеріне Бейсентану ғылымын қалыптастыруды ұсынды. Ол осы арқылы қазақ журналистикасы жаңа деңгейге көтеріледі деп санайды. Оның айтуынша, Бейсен Құранбектің өмірлік ұстанымдары да - өскелең ұрпақ үшін үлкен ғибратты дүние.
«2004 жылы Президенттің жанында бірге жұмыс істедік. Сол кезде мен Бейсеннің еңбекқорлығына тәнті болатынмын. Ол әжесін Астанаға алып келді. Бірақ үлкен кісі елорданы ұнатпағаннан кейін ол шығармашылығын тастап, үйіне қайтты. Сол кезде «Бейсеке, сіздің болашағыңыз керемет, сізді Президенттің өзі жақсы таниды, елордада қалсаңызшы» дегенімде, келіспеді. «Апам өмір бақи жанымда болмайды. Ал жұмыс табылады» деді. Бейсеннің даналығына мен әркез таңқалатынмын. Жаның жәннәтта болсын, досым», - деді журналист Александр Аксютиц.
Бейсен Абайұлы 49 жасқа қараған шағында өмірден озды. Марқұм Талдықорғанға қарасты Еркін ауылында жерленеді.
19 мамыр 2020 ж. 250 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области