Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық еріктілер Ге Хак Рим қарияға қамқорлық танытты (ФОТО)

Қызылордалық еріктілер Ге Хак Рим қарияға қамқорлық танытты (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық жастар тыл ардагері Ге Хак Рим қарияның үйіне арнайы барып, көмек қолын созды.
Атап айтқанда, Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы волонтерлер орталығының еріктілері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы және кәріс этномәдени бірлестігінің жетекшісі Елена Ким басқарған мүшелері «Қазақстан кәрістер қауымдастығы» Қызылорда облыстық филиалының мүшесі, тыл ардагері Ге Хак Римнің үйінде болып, қора-жайын тазалауға көмектесті.
Ал, «Қазақстан кәрістер қауымдастығы» Қызылорда облыстық филиалының белсендісі, жеке кәсіпкер Елена Ан азық-түлікке толы себетін әкеліп, қарияға қамқорлығын танытты.
Тыл ардагері Ге Хак Рим өз кезегінде көмек қолын созып, игілікті іс жасаған волонтерлер мен бірлестіктің белсенділеріне шынайы ризашылығын білдірді.





20 мамыр 2020 ж. 229 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области