Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ғалымдар коронавирусты кімдер жұқтырмайтынын айтты

Ғалымдар коронавирусты кімдер жұқтырмайтынын айтты

Kyzylorda-news.kz. Шетел ғалымдары коронавирус инфекциясын жұқтырмайтындарды анықтады. Олар зерттеу жұмыстарының нәтижесінде осындай шешімге келген деп жазады РИА Новости.
АҚШ пен Швейцарияның зерттеушілері 2003 жылы атипиялық пневмония (SARS-CoV вирусынан) өршіген уақытта ауырған адамдарға зерттеу жұмыстарын жасаған. Соның нәтижесінде олардың ағзасының коронавирус инфекциясын жұқтырмайтыны айтылды.
Осыған дейін SARS-CoV дертіне шалдыққандардың ағзасында антиденелер бөлінген. Олар S-ақуызға негізделеді. Ал бұл ақуыз жасуша бетіндегі рецепторлар мен коронавирус инфекциясының «жолығуына» жауап береді.
Ғалымдардың дерегінше, бұндай антидене түрлерінің бірі – S309 – SARS-CoV-2 S-ақуызын бейтараптандыра алады екен.
Осыған сәйкес, жедел респираторлы синдроммен ауырғандар қауіпті дерт коронавирусты жұқтырмауы мүмкін.
Бұндай антиденелерді COVID-19-дың асқынған түрін емдеуге және алдын алуға қолдануға болатыны айтылды.
Еске сала кетейік, Словения Еуропада бірінші болып коронавирус індетін жеңгенін ресми түрде мәлімдеген болатын. Соңғы екі аптада мұнда тек 35 адамнан инфекция анықталған.
21 мамыр 2020 ж. 216 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области