Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы халықаралық байқауда жеңімпаз атанды

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы халықаралық байқауда жеңімпаз атанды

Kyzylorda-news.kz. XIV Халықаралық «Математика және жобалау» байқауының қорытындысы бойынша Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Томирис Жұмағалиева бірінші орынды иеленді.
Аталмыш білім бәйгесінде Томирис «Табиғаттағы және қоғамдағы нақты процестердің математикалық модельдері» секциясына қатысып, оған өзінің «Күрделі эпициклоидтардың, гипоциклоидтардың және трактрисалардың математикалық моделін әзірлеу» жобасын ұсынды.
«Егер біздің айналамыздағы заттарға мұқият қарайтын болсақ, олардың барлығын түзу сызықтар арқылы бейнелеуге мүмкін еместігін байқауға болады. Көптеген заттар қисық сызықтардың күрделі элементтері бар кескіндерден құралған. Күрделі эпициклоидтарды, гипоциклоидтарды және трактрисаларды зерттеу арқылы біз Geogebra математикалық бағдарламасында қисықтардың анимациялары мен олардың теңдеулерін шығардық», – деп түсіндірді жұмысын Томирис Жұмағалиева.
Құрылған математикалық модельдерді зымыран құрастыру, роботототехника, сәулет-құрылыс, оптика және тағы басқа салалардағы өнімдердің күрделі пішіндерін жасау үшін қолдануға болады.
Томиристің бұл жұмысы халықаралық байқауда қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланып, бірінші орынмен марапатталды.
Айта кету керек, математика және информатика пәндері бойынша халықаралық білім сайысы жыл сайын дарынды балалармен жұмыс істейтін мұғалімдер Қауымдастығының бастамасымен орта және жоғары мектеп сынып оқушылары арасында өткізіліп, жастардың ғылыми зерттеушілік дағдыларын және математикаға деген қызығушылығын арттыруға үлкен септігін тигізуде.
22 мамыр 2020 ж. 212 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру