Қызылордада түнде жүрген жасөспірімдер ата-аналарына тапсырылды
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында тәртіп сақшыларының жүргізген рейд жұмыстары барысында жасөспірімдердің түнгі сағат 23-00-де қала көшелерінде жүргендері анықталды.
Жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстылықтың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалалық полиция басқармасы, қалалық білім бөлімі, қалалық ішкі саясат бөлімі, «Qosyl» қалалық жастар ресурстық орталығы мен Облыстық ЖҚ «Жас Отан» бірлескен қала әкімдігі жанынан мобильді топ құрылып қала көшелерінде рейд жұмыстары жүргізілді.
Түн мезгілінде кәмелетке толмаған 8 жасар жасөспірім 23.00-ден кейін Орталық алаңда заңды өкілінсіз жүргені үшін полиция қызметкерлері СПМ-ге жеткізіп, ата-анасын шақыртып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, Тәуелсіздік көшесінен сағат 23.15 пен 00.30 аралығында 10 жасөспірім және Жібек жолы көшесінен 1 жасөспірім жеткізілді. Жасөспірімдер заңды өкілі екенін растайтын жеке басының құжаттарымен келген азаматтармен үйіне қайтарылды.
Түнгі рейд жұмыстарын жүргізу жыл соңына дейін жалғасатын болады.