Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Фитнес және SPA орталықтары қайта жұмысын бастайды

Фитнес және SPA орталықтары қайта жұмысын бастайды

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия халық пен мемлекеттік органдардың ұсыныстарын ескере отырып, елімізде шектеу шараларын төмендету бойынша қосымша шешімдер қабылдады, деп хабарлайды primeminister.kz.
Шешімге сай, 2020 жылғы 1 маусымнан бастап өңіраралық блокпостар алынады. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлер мен өңірлер әкімдіктерінің шешімі бойынша коронавирустың таралу ошағы бар аймақтарда жергілікті блокпостар сақталуы мүмкін.
Сондай-ақ, Қазақстанның облыс орталықтары мен ірі қалаларына темір жол тасымалдары, сондай-ақ өңіраралық автобуспен жолаушылар тасымалы қайта жаңғыртылады. Жолаушыларды тасымалдау қатаң түрде Денсаулық сақтау министрлігінің бекітілген санитарлық талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Теміржол және автовокзалдарда бекітілген талаптардың орындалуы Ішкі істер министрлігінің қызметкерлерінің бақылауында болады.
Одан бөлек, финтес және SPA орталықтарының қызметі қайта жанданады; спорт және мәдениет объектілері көрерменсіз жұмыс істей бастайды.
Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, қосымша білім беру ұйымдарының (бір топта 15 баладан көп емес), ғылыми-зерттеу институттарының және ғылыми орталықтардың жұмысы жанданады.
2020 жылдың 15 маусымынан бастап санитарлық талаптарды сақтаған жағдайда кинотеатрлардың жұмысы қайта қалпына келтірілетін болады.
Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары Е.Тоғжанов бірқатар нақты тапсырмалар берді.
29 мамыр 2020 ж. 234 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области