Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Биыл Байқоңыр ғарыш айлағының құрылғанына 65 жыл толды

Биыл Байқоңыр ғарыш айлағының құрылғанына 65 жыл толды

Kyzylorda-news.kz. Бүгін 2 маусымда Байқоңыр қаласының және ғарыш айлағының құрылғанына 65 жыл толды.
1955 жылдың 12 ақпанында СССР Қорғаныс министрлігінің №5 ғылыми-зерттеу сынақ полигонын құру туралы қаулы жарияланды. Бірақ Байқоңырдың негізі қаланған дата ретінде полигонның ұйымдастырушылық-штаттық құрылымы бекітілген – 1955 жылдың 2 маусымы белгіленді.
«Байқоңыр» – әлемдегі тұңғыш әрі ең ірі ғарыш айлағы. Халықаралық маңызы бар нысан туралы не білеміз?
1995 жылдан бері Байқоңыр – Ресей Федерациясының құрамындағы федералдық маңызы бар қала.
Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті кеңестік ракеталардың құпиясын сақтау үшін ғарыш айлағы орналасу жерінің екі сызбасын құрастырды.
Жасалған келісім-шарт бойынша Байқоңырды жалға беру мерзімі 2050 жылы аяқталады.
1950 жылы Қазақ даласында ғарыш айлағын салу құрылысы басталғанда ықтимал қарсыластарды алдау үшін Қарағанды облысының Байқоңыр кентінде ағаштан тағы да бір ғарыш алаңы салынған. «Восток-1» («Шығыс-1») кемесін ұшырғаннан кейін (кеменің бортында атақты Гагарин болған) осы кенттен 300 шақырым жерде орналасқан басқа ғарыш айлағына «Байқоңыр» атауы берілді.
Жер шарын алғаш рет айналып шыққан «Восток-1» кемесінің ұшу мерзімі – 108 минут.
«Байқоңыр» ғарыш айлағының астанасы – Байқоңыр қаласы. Қала 1955 жылдан бері салына бастаған. Құрылыс ғарыш айлағының маңызды нысандарын салумен бірге жүргізілген.
130-дан астам отандық және шетелдік ғарыш «Байқоңыр» ғарыш айлағынан орбитаға ұшып шықты.
«Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылған «Восток-1» кемесі белгіленген орбита бойынша 28 000 км/сағ жылдамдықпен қозғалды.
2000 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш ғарышкері – Тоқтар Әубәкіров «Жыл адамы» деп танылды.
«Байқоңырдағы» техниканың механизмдерін тазалау үшін спирт қолданылады, сондықтан да ғарыш айлағына 12 тонна спирт жіберілген. 7 тонна спирт пайдаланылған, ал спирттің қалған бөлігі үшін арнайы шұңқыр қазылды. Оның үстіне құм төселген. Алайда, мұны біліп алған адамдар шұңқырды қазып, ғарыш кешеніндегі «құрғақ» заңды бұзбақшы болыпты... Аз уақыттан кейін тәртіп қайта орнатылды. Шұңқырдағы спиртті өрттеп жіберді.
Көптеген адамдар біле бермейді, бірақ 1998 жылы ғарышқа екінші рет ұшқан Талғат Мұсабаев «Мир» орбиталық станциясын құтқарды.
2001 жылы Талғат Мұсабаев америкалық турист Денис Титомен бірге (әлемдік біріншілік) ғарышқа ұшты.
Юрий Гагаринді «ғарышкер» емес, «астронавт» деп атаған. Мұны Франция, Ұлыбритания, АҚШ басшылығы Мәскеуге жолдаған құттықтаулар дәлелдейді.
Байқоңыр қаласы бұрын «Ленинск» атауына ие болған. Бұл жерден көптеген ракеталар ғарышқа ұшырылып, жүздеген адамдардың өмірлері қыршыннан қиылды. Аталмыш оқиғалар Гагариннің ғарышқа ұшуына дейін орын алған. Сонымен бірге, тұңғыш ғарышкер - әйел ғарышқа ұшқаннан кейін де бір ракета жарылды. Оқиға орнында көп адам қаза тапты.
Кеменің кабинасында отырған Юрий Гагарин және бас құрылымдаушысы Сергей Ковалевтің өзара сөйлесуінің кадры — имитация (жасанды жолмен түсірілген кадр).
Юрий Гагарин ұшудың соңғы сатысында айқайлап жіберген: «Я горю, прощайте, товарищи!» — «Өртеніп жатырмын, қош болыңдар, жолдастар!» Ұзақ уақыт бойы ешкім де Гагариннің осы сөздерін жазбады.
02 маусым 2020 ж. 361 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области