Қазақстанда той-томалақ өткізуге бола ма?

«Өкінішке қарай, қазіргі таңда отбасылық шараларды өткізуге тыйым салынған», - деді Есмағамбетова тікелей эфирде.
Ол дәмхана-мейрамханаларға тіпті 20-30 адам да шақыруға рұқсат болмайтынын атап өтті.
«Біз дәмханалар мен мейрамханаларды ашқан кезде, алдымен, бір мезетте 30 адамға дейін қабылдауға рұқсат еттік. Карантинді жеңілдетудің екінші кезеңінде 50 адамға дейін рұқсат берілді. Бірақ ұжымдық шараларға тыйым салдық. Қазір елдегі эпидемиологиялық жағдай бізге той-томалақ, діни және отбасылық шараларды өткізуге мүмкіндік бермейді», - деп түсіндірді бас санитар дәрігер.
Есмағамбетова тыйымның алынуы елдегі және әр өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты екенін айтты.
5 маусымнан қалааралық автобустар қатынай бастайды.