Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Бақыт Исмаханбетов: Qoldau-24/7 – МӘМС жүйесіндегі көмекшіңіз

Бақыт Исмаханбетов: Qoldau-24/7 – МӘМС жүйесіндегі көмекшіңіз


Kyzylorda-news.kz.
Медициналық сақтандыру және пациенттердің құқықтары мәселелері бойынша өтініштер тәулік бойы Qoldau-24/7 мобильдік қосымшасында қабылданады. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов мәлімдеді.
«Кері байланыстың бұл түрі, әсіресе қазіргі карантин кезіңінде, сұранысқа ие. Азаматтардан келіп түскен барлық өтініштер өңделіп, тіркеу нөмірімен өтініштер тізіліміне түседі. Тұрғындар тарапынан түскен өтініштерге мониторинг жүргізіледі, қажет болған жағдайда белгіленген мерзімде шешім қабылдау үшін сараптамалық бағалауға беріледі. Содан кейін өтініш берушіге қосымшада оның аккаунтында жауап беріледі», - деп түсіндірді Қор филиалының басшысы.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Qoldau-24/7 мобильді қосымшасын Android смартфондары үшін Play Market арқылы, Apple смартфондары үшін App Store арқылы жүктеп алуға болады.
09 маусым 2020 ж. 280 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области