Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордадағы цех жылына 60 мың текше метр темір-бетон бұйымдарын шығарады

Қызылордадағы цех жылына 60 мың текше метр темір-бетон бұйымдарын шығарады

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында "Нұр-строй" ЛТД" серіктестiгі жылына 60 мың текше метр темiр-бетон бұйымдарын шығарады.
Серіктестік директорының орынбасары Асан Исаевтың айтуынша, кәсіпорын заманауи құрылғылармен жабдықталған. Бұған қоса бүгінде өндіріс қуаты артып, құрылыс материалдарының 280-ге жуық түрін шығаратын деңгейге жетті.
«Бұл өндіріс кеңес одағы тұсынан бар. 90 жылдары зауыт жұмысы тоқтады. 2005 жылы "КСМиК" серіктестігінің базасында қайта құрылып, жұмысын бастады. Қазіргі таңда кәсіпорында бірнеше цех жұмыс істейді. Оларда бетон құйылады, темір бұйымдары дайындалады, сондай-ақ механикалық, электp жөндеy, шикiзат цеxтары бар. Күнiне 100, жылына 60 мын текше метр түрлi темiр-бетон өнімдерiн шығарамыз. Өнімдерімізді өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы құрылыстарына пайдаланады. Жеке тұрғын салатын болса да бізден келіп алады. Біз кұрылысқа қажет 280-ге жуық өнімді шығарамыз. Электp бағандары және электр тасымалдаy құрылымдарына қажет темiр-бетон бұйымдар да бізде дайындалады. Біздің зауыт көпқабатты тұрғын үйлерге арналған 9 метрлік плиталарды шығаруды да алғаш болып қолға алды», – дейді Асан Исаев.
"Нұр–строй" ЛТД" серіктестiгінің цехтарында дайындалған құрылыс материалдарына сұраныс жоғары. Бүгiнде облыстағы 30-дан астам iрі мекеме осы серiктестіктің өнімдерiне тұрақты тапсырыс бередi. Алайда, елімiзде төтенше жағдай жарияланып, карантиндiк режим енгізiлгенде кәсіпорын жұмысы уақытша тоқтаған едi. Қазiр жұмыс қайта жанданды. Зауыттың өндiрiстік-техникалық бөлiм басшысы Бақытбек Сержановтың айтуынша, өндірiсте 150 адам жұмыс iстейді. Мұнда ерлермен қатар әйелдер де еңбек етедi. Кранды басқаратындар да, технологтар да солар. Істерiне жауапкершілікпен қарайды.
«Бізде біраз адам зейнет жасына жетсе де жұмыс істеп жатыр. Өйткені, кадр тапшылығы бар. Электр дәнекерлеушi, электрик, краншылар керек. Жақында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттiк университетiнің студенттерiн онлайн-конференция арқылы жұмысқа келуге үндедік», – дей бөлім басшысы.
Сонымен қатар, Бақытбек Сержанов зауытта жұмысшыларды тасымалдайтын көлiк бөлiнгенін және оларға тегiн түскi ас, жұмыс киiм берілетiнін айтты. Тiпті, зауытқа жақын тұратын жұмысшыларға қырыққа жуық велосипед сатып әперген.

11 маусым 2020 ж. 184 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области