Қызылордада бүгіннен бастап жылдамдық өлшегіш құрылғылары жұмыс істейді

Атап айтар болсақ:
Н.Назарбаев даңғылы (Заводская тұсы)
Тәуелсіздік даңғылы (Ғ.Мұратбаев көпір асты)
Тәуелсіздік даңғылы (Арай №2 үй тұсына)
Яссауи көшесі (Ғ.Мүсірепов көшесі тұсы)
Бейбарыс көшесі (№9 көп қабатты үй жанына).
Барлық құрылғылардың алдына ескерту белгілері орнатылды. Осыған байланысты жүргізушілер жол жүру ережелерін бұзбай, жылдамдық режимін сақтауды және ескерту белгілеріне назар аударуы қажет.
Қалған 8 жердегі құрылғылар кезең-кезеңмен іске қосылады.
