Аралда әлеуметтік нысандардың жұмысы басты назарда
Kyzylorda-news.kz. Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев аудан орталығындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.
Аудан әкімі «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасына енгізілген жобалардың жүргізілу барысымен танысып өтті.
Соның ішінде №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің жылыту қазандығын сұйық отыннан көгілдір отынға ауыстыру жұмыстарын қолға алған мердігер компания өкілдерімен жүздесіп, жұмысты тиянақты әрі мерзімінде орындап шығуды тарсырды.
Сонымен қатар аудандық оқушылар үйінің құрылыс басында болып, қалаішілік жолдарды асфальттау, абаттандыру жұмыстарын бақылап өтті.