Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанның бірнеше өңірінде күн күркіреп, бұршақ жауады

Қазақстанның бірнеше өңірінде күн күркіреп, бұршақ жауады

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан астанасында және бірқатар облыстарда ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.
Синоптиктердің мәліметінше, Ақмола облысында 17 маусымда найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады. Облыстың басым бөлігінде өрт тұтану қаупі бар. Нұр-Сұлтан қаласында 17 маусымда найзағай ойнап, солтүстіктен екпіні 15-18 м/с жел соғады. Ескертудің ықтималдығы 85-90%. Солтүстік Қазақстан облысында 17-18 маусымда түнде және таңертең кей жерлерге тұман түседі. Найзағай ойнап, батыстан соққан желдің бағыты солтүстікке ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с болуы ықтимал. Петропавлда 17-18 маусымда батыстан соққан желдің бағыты солтүстікке ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с болуы мүмкін. Ескертудің ықтималдығы 90-95%. Қарағанды облысында 17 маусымда найзағай ойнап, дауыл соғады және бұршақ жауады. Солтүстік-шығыс, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Қарағандыда түнде күн күркіреп, солтүстік-шығыс, солтүстіктен жылдамдығы 15 м/с жел соғады. Ескертудің ықтималдығы 75-80%. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 17 маусымда найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыс, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. 17 маусым күндіз Қостанай облысында күн күркірейді. Солтүстік-батыс, батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с-ке жетеді. Ескертудің ықтималдығы 90-95%.
16 маусым 2020 ж. 179 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области