Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 18 маусымға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Жұмысқа қатысты мәселелерді шешіп, ісіңіз өрге домалайды. Жұмысты бірінші орынға қойған адамдар қызметте өсіп, жаңа лауазымға бекітіледі. Бірақ өте сақ болыңыз.

Торпақ
Таңертеңгілік аздаған қиындықтар туындауы мүмкін. Барлығы сіз ойлағандай болмайды. Болып жатқан жағдайларға орай тез әрекет етуге, мәселені шешуге тырысасыз.

Егіздер
Кейбір қиындықтарға қарамастан белсенділігіңізді жоғалтпауға тырысыңыз. Бұл сізге күш-жігер береді. Сонымен қатар осы іс-әрекетіңізге қарап, көмек қолын созатын жандар табылады. Достарыңызды бағалай біліңіз.

Шаян
Сіз үшін өте қолайлы күн. Қолға алған ісіңіздің барлығы жүзеге асып, жолыңыз болады. Көтеріңкі көңіл-күй өмірдің барлық саласында жетістікке жетуге көмектеседі. Сонымен қатар отбасыңызға көңіл бөліңіз.

Арыстан
Жақындарыңызбен сөйлескен кезде сын айтпауға тырысыңыз. Бүгін өзіңізбен-өзіңіз болғаныңыз дұрыс. Шығынға батуыңыз мүмкін, сондықтан қымбат заттар алмаңыз. Үнемшіл болыңыз.

Бикеш
Іскерлік байланыстарды нығайту үшін қолайлы күн. Бұрынғы серіктеріңіз жұмыстарыңызды жандандыруға ұсыныс жасауы мүмкін. Бұл ұсыныстардан бас тартпаңыз. Жаңа іс күш-жігеріңізді арттырады.

Таразы
Бүгін қаржылық және тұрғын үй мәселелерін шешумен айналысқан дұрыс. Көптен ойға алған ісіңізді тез арада жүзеге асырыңыз. Барлығы өз қолыңызда. Егер сапарға шығуды жоспарлап отырсаңыз, ол сәтті өтеді.

Сарышаян
Мазасыз, әрі қарбалас күн. Қандай жағдай орын алса да, эмоцияңызды білдірмей, сабырлылық таныта біліңіз. Кикілжіңдерден бойды аулақ ұстағаныңыз жөн. Әсіресе жұмыс барысында ашуға берілмегеніңіз дұрыс.

Мерген
Жайбарақат күн деп айту қиын. Арандатушылардың жетегіне ермеңіз. Олар сіздің қазіргі күнгі жетістіктеріңізге қызғанышпен қарайды. Сондықтан жақсылыққа жетелемейді.

Тауешкі
Бастаған істерді аяқтайтын уақыт келді. Бұрынғы шаруаларды қазір аяқтамасаңыз, кейін көп жұмыстың астында қаласыз. Күтпеген жерден жоспарларыңыз бұзылуы мүмкін. Жаңа жоспар бойынша әрекет етіңіз.

Суқұйғыш
Бүгінгі күн іскерлік келіссөздер жүргізуге, маңызды сұрақтарға жауап табуға қолайлы күн. Әріптестеріңізбен қарым-қатынасыңыз жақсара түседі. Басшылық сіздің қызметіңізді жоғарылатуы мүмкін.
18 маусым 2020 ж. 186 0

Ұқсас жаңалықтар:

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области