Президент бір топ медицина қызметкерлерін марапаттады
Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бір топ медицина қызметкерлері мемлекеттік орден-медальдармен марапатталды. Бұл туралы ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәли "Facebook" әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен азаматтардың денсаулығын сақтау үшін жанкешті еңбек етіп, тынымсыз жұмыс істеген медицина қызметкерлерінің бір тобы мемлекеттік орден-медальдармен марапатталды», - деп жазды Берік Уәли.

























