23 маусым: Атаулы күндер мен оқиғалар
Бүгін – Қазақстан полициясы күні
1992 жылы 23 маусымда ҚР Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Заң қабылдады. Бұл Қазақстан полициясының қызметі мен міндетін анықтайтын алғашқы құқықтық акт болатын. 2007 жылы маусымның 5-інде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жарлығымен маусымның 23-ін - Полиция күні деп бекітті.
23 маусым – Мемлекеттік қызметші күні
2013 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілді.
1994 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» қаулысы жарияланды.
2000 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы «Мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіруді жеделдету және мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру процестерін жеңілдету бойынша шаралар туралы» қаулыға қол қойды.
2005 жылы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешімімен әскери-экономикалық ынтымақтастық бойынша Мемлекетаралық комиссия құрылды.
2010 жылы Иорданияның астанасы Амман қаласында Елбасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілген көшені салтанатты ашу рәсімі өтті. Шара иордан фольклорлық ансамблінің өнер көрсетуімен басталды. Амман қаласының мэрі мен Астана қаласының әкімі салтанатты жағдайда біздің Президентіміздің есімі жазылған тақтайшаның шымылдығын ашты. Амман қаласының мэрі Иордания королі Абдалла ІІ мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арасындағы қалыптасқан ынтымақты байланыстар үлгі етуге тұратынын және достас екі елдің мүддесіне қызмет ететінін атап өтті. Қазақстан көшбасшысының екіжақты ынтымақтастықты дамыту және нығайту ісіндегі сіңірген еңбегін, және Амман мен Астана бауырлас қалалар екенін ескере отырып, корольдік әулеттің бастамасымен Амман қаласының муниципалитеті Иордания астанасының орталық көшелерінің бірін Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен атау туралы шешім қабылдады.
2014 жылы Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінде қазақ ақыны және жазушысы Мұқағали Мақатаевтың шығармаларының түрік тіліне аударылған нұсқасының салтанатты тұсаукесері өтті.