Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет басшысы мен әкімдердің есебін тыңдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет басшысы мен әкімдердің есебін тыңдады

Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Премьер-Министр мен әкімдердің есебін тыңдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминнің, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары әкімдерінің коронавирустың таралуына қатысты қалыптасқан ахуал, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму барысы жайындағы есептерін тыңдады.
Мемлекет басшысы Үкіметке және облыс басшыларына пандемияның таралуын тез арада шектеуге қатысты шұғыл әрі тиімді шаралар қабылдауға, коронавирусқа шалдыққан адамдарға нақты көмек көрсетуге, азаматтардан тест сынамасын алудың ауқымын кеңейтуге, дәрігерлерді арнайы қорғаныс құралдарымен, дәрі-дәрмектермен, өкпеге жасанды жолмен дем беретін аппараттармен және өзге де қажетті құрал-жабдықтармен қамтасыз етуді тапсырды.
Президенттің пікірінше, азаматтардың денсаулығын қорғау ісінде алғы шепте жүрген медицина қызметкерлеріне материалдық және моральдік тұрғыдан қолдау көрсетудің мәні зор. Үкімет пен әкімдер халық арасында карантин режимін сақтаудың аса маңызды екенін түсіндіріп, бұл бағыттағы жұмыстарды белсенді жүргізуге тиіс.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев орталық және жергілікті атқарушы билік органдарына экономиканың құлдырауына жол бермеу, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірісін арттыру, азаматтардың әлеуметтік қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырды.
22 маусым 2020 ж. 248 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области