Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Биыл қажылыққа кімдер барады?

Биыл қажылыққа кімдер барады?

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл қазақстандықтар қажылыққа бара алмайтынын мәлімдеді. Сауд арабиясы тек өз жерінде тұратын адамдарға ғана қажылық рәсімдерін орындауға рұқсат берді, деп хабарлайды Muftyat.kz сайты.
Сауд Арабиясының денсаулық сақтау министрлігі пандемиядан туындаған қауіп-қатердің алдын алу және оның таралуына жол бермеу мақсатында биылғы қажылыққа бірқатар шектеулер енгізді.
Пандемия басталғалы бері қажыларды қорғау үшін барлық сақтық шаралары қабылданып, қасиетті орындарға сырттан келушілер шектелді. Бұдан былай да осы норма сақтала береді.
"Коронавирус инфекциясы адамдар көбірек жиналатын орындарда, үлкен жиындарда таралатыны дәлелденіп отыр. Сондықтан да биылғы 1441 жылдың (2020 жыл) қажылық рәсімі Сауд Арабиясында тұрып жатқан өте аз көлемдегі адамдардың қатысуымен ғана өтетіні жайлы шешім қабылданды. Бұл шешім қауіпті вирустың алдын алу және қажылардың денсаулығын сақтау мақсатында жасалып отыр", - делінген Сауд Арабиясының Қажылық және ұмра министрлігі таратқан хабарламада.
23 маусым 2020 ж. 164 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области