Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалыдағы орталық базар өртенді

Қазалыдағы орталық базар өртенді

Kyzylorda-news.kz.Қазалы ауданының орталығы - Әйтеке би кентіндегі базардан өрт шықты.
Тілсіз жау 2 мыңнан астам шаршы метр аумақты шарпыды.
Оқыс оқиға бүгін «Ер-Нұр» базары аумағында орналасқан «Нұр» асханасында басталған. Жалын одан кейін асханаға жақын аумақтағы «Орынай», «Ақбота», «Арзан» сауда үйлері мен шаруашылық заттарын сататын «Баянсұлу» және екі азық-түлік дүкенін шарпыды.
«Оқиға орнына облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 33 маманы 3 техникамен барды. Сондай-ақ өзге де сала мамандары келді. Жарақат алған және қаза болғандар жоқ. Өрттің шығуына басты себеп ретінде электр жүйесінің қысқа тұйықталуы қарастылып отыр», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, кеше Қызылордада «Бақша Сарай» дәмханасы өртенді.


25 маусым 2020 ж. 241 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области