29 маусым: атаулы күндер мен оқиғалар
1964 жылы «Мақат - Ақтау» темір жолының құрылысы аяқталды.
2001 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймақ құру туралы» Жарлыққа қол қойды.
2005 жылы Мемлекет басшысы «Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
2009 жылы Астанада өткен Қала құрылысын салушылардың «Қазақстан-2009» VIII форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан қала құрылысын салушылар одағының Алтын медалімен марапатталды.
2011 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заңға қол қойды.
2015 жылы Қазақстан Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкін құру бойынша Келісім Баптарына қол қойды.