«Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020-2021»: Ескіұра елді мекенінің кіреберіс жолы жөнделеді
Kyzylorda-news.kz.Биыл Арал ауданы көлемінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020-2021» мемлекеттік бағдарлама шеңберінде бірқатар маңызды деген жобалар жүзеге асырылуда.
Аталған бағдарлама аясында ауданға қарасты Жетесби ауылдық округі, Ескіұра елдімекенінің кіреберіс 1 шақырым жолын салу жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлінген болатын.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев аталған аудандық маңызы бар автомобиль жолының құрылыс барысымен танысты. Жол жөндеу жұмыстарының басында болған аудан басшысы құрылыс жұмыстарына жауапты мердігерлермен жүздесіп, жолдың сапалы, мерзіміне сәйкес жүзеге асырылуын қатаң бақылауды тапсырды.
Бүгінде жол жөндеу жұмыстарын мемлекеттік сатып алудың ашық конкрусы нәтижесінде жеңімпаз атанған жергілікті «Арал құрылысы» ЖШС қолға алған. Қазіргі таңда жол құрылысына қажетті материалдар толықтай жеткізіліп, жолды биіктету жұмыстары жүргізілуде. Алдағы күндері жолға құм-қиыршықтас қоспасы төселіп, асфальттау жұмыстары басталмақ.
Аталған жұмыстар «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК бақылауымен жүзеге асырылатын болады.