Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Короновирусты емдеу тәсілі өзгерді

Короновирусты емдеу тәсілі өзгерді

Kyzylorda-news.kz.Қазақстанда ауыр өкпе қабынуы кезінде дексаметазон қолданылатын болды.
Бұл препарат елімізде өлім көрсеткішін төмендетуі мүмкін. ДДСҰ бұған дейін дексаметазонның кішігірім дозасын қолдану арқылы ауыр науқастар арасындағы өлім-жітімді төмендетуге болатынын мәлімдеген болатын. Қазақстанда коронавирустық инфекцияны емдеу туралы хаттама толықтырылды, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова өзінің "Facebook" парақшасында.
«Хаттамаға амбулаториялық кезеңдегі емдеу схемасы кіреді: гидроксихлорохин және лопинавир/ритонавир. Сонымен қатар енді стационардағы науқастар Жапония мен Ресейде COVID-19-ды емдеу кезінде кеңінен қолданылатын «Фавипиравир» препаратын алады. Ауыр өкпе қабынуы кезінде Дексаметазон қолданылатын болады.  COVID-19 патогенезінің негізгі буынында микро және макротромбоздың дамуын ескере отырып, антикоагулянттық терапия схемалары жаңартылады», - деді Людмила Бюрабекова.
COVID-19-ды емдеудің жаңартылған хаттамасының толық мәтінін мына сілтемеден оқи аласыздар.
30 маусым 2020 ж. 249 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области