Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда: Есірткі құқық бұзушылығының 64 дерегі анықталды

Қызылорда: Есірткі құқық бұзушылығының 64 дерегі анықталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында осы жылдың 1 маусымы мен 30 қазаны аралығында жоспарланған "Қарасора-2020" республикалық арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.
Шара мақсаты есірткі заты бар өсімдіктерді өсіп-баптаудың алдын алу, героин тасымалын жою, сондай-ақ есірткі, оның ішінде жаңа түрлерін таратумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтар қызметіне тосқауыл қоюға бағытталған.
Облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Бектөре Сұлтан шараға Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, "Бүркіт" арнайы жасағы, криминалдық полиция, жергілікті полиция қызметі, кинологиялық қызмет орталығы мамандары жұмылдырылғанын атап өтті.
Ай басынан бері есірткі құқық бұзушылығының 64 дерегі анықталды. Есірткі өсіргені үшін 32 тұрғын ұсталса, оның 10-ы қамаққа алынды.
01 шілде 2020 ж. 232 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области