Тоғжанов: Үкімет 2 апталық карантинге қосымша шаралар енгізуі мүмкін
Kyzylorda-news.kz. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов 5 шілдеден бастап енгізілетін шектеу шараларына қосымша шешімдер қабылдануы мүмкін екенін айтты.
«Белгіленген 14 күн аралығында аталған шаралардың тиімділігіне мониторинг жүргізіліп, нақты қорытындылар шығарылып отырады. Нәтиже бермеген жағдайда шектеу шаралары бойынша қосымша шешімдер қабылдануы мүмкін. Сонымен қатар, бүгін күн тәртібінде тұрған негізгі мәселе – медициналық мекемелерде коронавируспен ауырғандарды емдеуге арналған жатын орын санын арттыру. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, шілде айының соңына дейін инфекциялық және провизорлық орын саны 50 пайызға арттырылып, 28 мыңнан 42 мыңға дейін жеткізілетін болады», – деді Е. Тоғжанов бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның сөзіне қарағанда, тамыз айына дейін ПТР-тестілермен қамтылу тәулігіне 30 мыңнан 39 мыңға дейін жеткізіледі.