Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда маусым айында 628 адам пневмониядан көз жұмған

Қазақстанда маусым айында 628 адам пневмониядан көз жұмған

Kyzylorda-news.kz. ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова Қазақстанда маусым айында 628 адам пневмониядан көз жұмғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2019 жылдың жарты жылы мен 2020 жылдың жартыжылдығының қорытындысы бойынша, пневмониядан көз жұмғандардың статистикасын салыстырсақ, осы алты ай ішінде қайтыс болғандардың саны аса көбейген жоқ. 2019 жылдың алғашқы жартыжылдығында өлім-жітімнің - 1780, ал 2020 жылдың алғашқы жарты жылының қорытындысы бойынша - 1772 жағдайы тіркелді. Ал осы жылдың маусым айында пневмониядан қайтыс болғандардың саны 628-ге жетті. Пневмониямен ауыру жағдайына келсек, биылғы алты айда 55 проценттік өсім байқалады. Ал маусымда бұл көрсеткіш тіпті төрт есе өскен», - деді Айжан Есмағамбетова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігері қазір бұл жағдайға қатысты Денсаулық сақтау министрлігі зерттеу жұмыстарын жүргізе бастағанын айтып өтті.
03 шілде 2020 ж. 187 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области