Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 8 шілдеге арналған ауа райы болжамы

8 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер 8 шілде күні ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Қазгидромет.

Атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың солтүстік-батысында, солтүстікте, орталықта және шығыста найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Оңтүстікте және батыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады.

Солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі, күндіз шығыста бұршақ жаууы ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында түнде және таңертен тұман түседі. Павлодар облысының кей жерлерінде жел қарқыны - 18 м/с.

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейіп, шаңды дауыл тұрады.

Ақтөбе, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел екпіні - 15-20 м/с.

Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында күндіз аптап ыстық болады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
08 шілде 2020 ж. 152 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области