Қай жерлерде коронавирусты жұқтыру қаупі жоғары

«Егер бөлмедегі ауа айналымы нашар болса, кез-келген жабық кеңістік қауіпті», - деді геномдық инженерия зертханасының жетекшісі Павел Волчков.
Рейтингтегі екінші орында қоғамдық көліктер және адамдар ұзақ уақыт тығыз қарым-қатынас жасайтын басқа да орындар тұр.
«Менің ойымша, қоғамдық көлік өте қауіпті болуы мүмкін. Сондай-ақ үй маңындағы кезекте көп адам жиналатын дүкендер мен дәріханалар да коронавирус жұқтыру қаупін тудырады», - деді маман.
Алғашқы үштіктің қатарында мейрамханалар мен караоке-клубтар да бар. Маман тіпті тіс дәрігеріне барған кезде де сақ болу керек екендігін ескертті.