Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Коронавируспен ауырғандардың иммунитеті бірден қалыпқа келмеуі мүмкін

Коронавируспен ауырғандардың иммунитеті бірден қалыпқа келмеуі мүмкін

Kyzylorda-news.kz. Ғалымдар COVID-19-бен ауырған адамдардың иммундық жүйесінің ұзақ мерзім бойы қалыпқа келмейтінін анықтады.
Бұл туралы Қытайдың Ухань қаласының вирусология институтының ғалымдарының зерттеулерінде көрсетілген.
Зерттеушілер COVID-19-бен ауырып шыққан әртүрлі жастағы 55 пациенттің денсаулық жағдайын зерттеді. Оларда иммунитетке жауап беретін қан жасушалары лимфоциттер деңгейі төмендеген.
Лимфоциттер коронавирустан жазылған соң 11 аптадан кейін де қалпына келмеген. Мақала авторларының пікірінше, бұл SARS-CoV-2 вирусының қан жасушаларына және иммунитеттің бұзылуына қатты әсер ететінін көрсетеді.
Гарвард университетінің профессоры Тобиас Курт коронавирус инфекциясымен ауырған адамдарда оның зардабы ұзаққа созылатыннын хабарлады.
«Біз бұл вирустың бірден бірнеше ағзаның жұмысына зиян тигізетінін білеміз, бірақ әзірге оның салдары созылмалы ма, әлде уақыт өте кете ме, ол туралы нақты айта алмаймыз», - деп түсіндірді ғалым.

10 шілде 2020 ж. 167 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области