Жұлдыздар не дейді?
Бүгін сізді қызықты таныстықтар күтіп тұр. Бұл таныстық кейін достыққа ұласады. Сонымен қатар бүгін табиғат аясына шығып демалыңыз.
Торпақ
Бүгін көңіл-күйіңіз құбылмалы болады. Ашулы сәтте ешкіммен тілдеспегеніңіз жөн. Себебі жақындарыңызды ренжітіп алуыңыз мүмкін.
Егіздер
Бүгін сізді алдағысы келетіндер көп. Кенеттен пайда болатын мәселелерден бойды аулақ ұстаңыз. Өзіңізге көңіл бөліңіз.
Шаян
Бүгін денсаулығыңызды нығайтумен айналысыңыз. Спортпен шұғылданыңыз, суда жүзіңіз. Ал кешке отбасыңыздың жанында болыңыз.
Арыстан
Күніңіз қызықты өтеді. Бастапқыда жұмысыңыз алға баспай қиналасыз. Соңынан көмектесетіндер табылып, ісіңіз оңға басады.
Күніңіз қызықты өтеді. Бастапқыда жұмысыңыз алға баспай қиналасыз. Соңынан көмектесетіндер табылып, ісіңіз оңға басады.
Бикеш
Бүгін ақкөңіл, жайдары мінез танытыңыз. Ашуға берілмей, көңілді жүруге тырысыңыз. Сонымен қатар күнді отбасыңызбен бірге өткізгеніңіз жөн.
Таразы
Жұлдыздар жеке өміріңізге қатысты мәселелерді шешуде сақ болуды ескертеді. Қиын мәселелерден шығуға ішкі түйсігіңіз көмектеседі.
Сарышаян
Қарбалас күн. Бүгін өте шаршаңқысыз. Ескі танысыңызбен немесе балаларыңызбен әңгіме-дүкен құру сізге көмектесетін болады.
Мерген
Бүгін айналаңыздағы адамдарға өзіңіздің жан-жақты танытатын күн. Көптен бері келіспей жүрген жандармен татуласуға тырысыңыз.
Тауешкі
Бүгін аздап қиындықтар туындайды. Айналаңыздағы адамдарға көп өкпелейсіз. Ештеңені елемеуге тырысыңыз. Өз көңіл-күйіңізді өзіңіз көтеріңіз.
Суқұйғыш
Тұтынып жүрген азық-түліктеріңізге сақ болыңыз. Тек пайдалы тағамдарды тұтынғаныңыз дұрыс. Бүгін шаруаларды кейінге қалдырып, тынығып алыңыз.
Балықтар
Жұмыста да, достардың арасында да өзіңізді ақтап алуға тура келеді. Не болмаса мықты екендігіңізді дәлелдеп, тер төгіңіз.