14 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында желдің күші 15-20 м/с артады.
Атырау облысында шаңды дауыл тұрады. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Ақмола, Павлодар, Алматы, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Қызылорда облысында, Маңғыстау, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.
Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында - қатты, оңтүстікте өте қатты ыстық күтіледі.
Атырау облысында, Қызылорда, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.