Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордаға өкпені жасанды желдету аппаратын әкелу үшін халықаралық компаниялармен келісім жасалды

Қызылордаға өкпені жасанды желдету аппаратын әкелу үшін халықаралық компаниялармен келісім жасалды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордаға өкпені жасанды желдету аппаратын әкелу үшін халықаралық компаниялармен ынтымақтастық орнады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылорда облысында аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықованың тапсырмасымен өңірді қажетті медициналық құралдармен қамтамасыз ету үшін белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Республикалық бюджет есебінен өкпені жасанды желдетуге арналған 68 аппаратқа қосымша тапсырыс берілді.

Сонымен бірге, жақын күндері демеушілік көмек ретінде Түркия мемлекетінен 10 ӨЖЖ аппараты ауруханаларға жеткізілетін болса, «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясы тарапынан Байқоңыр қаласындағы ауруханаға 1 аппарат әкелінетін болды.

Облыс ауруханаларында бүгін жұмыс істеп тұрған өкпені жасанды желдету аппараттарының саны – 64. Оның 29-ы — қалада, 25 аппарат – аудандық ауруханаларда орналасқан.
14 шілде 2020 ж. 183 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области