Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ұлы Отан соғысының ардагері Бөрібай Құлманов дүниеден өтті

Ұлы Отан соғысының ардагері Бөрібай Құлманов дүниеден өтті

Kyzylorda-news.kz.Жуырда ғана 100 жасқа толған Ұлы Отан соғысының ардагері, Қызылорда облысының Құрметті азаматы Бөрібай Құлманов қайтыс болды.
Ғасыр жасаған ардагер 1920 жылы 6 маусымда Қостанай облысында дүниеге келген. Жастайынан жоқшылықты көрген ол жеті жылдық мектептен кейін, 1934 жылы Қызылорда ауылшаруашылық техникумын агроном мамандығы бойынша тамамдаған.

Еңбек жолын Қызылорда облысы Сырдария ауданының ауылшаруашылығы бөлімінде бастаған. 1940 жылы Мәкеудегі әскери училищеге курсант болып қабылданып, 1941 жылғы 1 мамырда Қызыл алаңда өткен әскери шеруге қатысады. Сол жылы лейтенант шенінде, минометшілер ротасының командирі болып майданға аттанады. Ұлы Жеңісті Германияның Штеттин қаласында қарсы алады. Соғыс аяқталған жылы ерекше тапсырмамен Қытайдағы Синцъзянь провинциясында қызмет атқарады.

Бөрібай Құлманов майдандағы ерлік істері үшін «Қызыл жұлдыз», «1-ші дәрежелі Отан соғысы» ордендерімен және көптеген медальдермен марапатталған. Облыстың экономикасын, мәдениеті мен ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлестері үшін «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі», «Құрмет» ордендерінің иегері, Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің, облыс әкімінің (2015 жыл) Құрмет грамоталарымен марапатталған. Қызылорда облысының құрметті азаматы.
15 шілде 2020 ж. 171 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области