Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Дәріхана мен дүкенге маскасыз шығатын болса айыппұл төлене ме?

Дәріхана мен дүкенге маскасыз шығатын болса айыппұл төлене ме?

Kyzylorda-news.kz. Егер халық дәріхана мен дүкенге барғанда маскасыз шығатын болса, қандай жаза қарастырылғаны жайлы әділет министрі Марат Бекетаев айтып берді.
Әділет министрі Марат Бақытжанұлы Бекетаев онлайн брифинг барысында маска режиміне қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, арнайы ережелерге бағынып, шарттарды орындағандар жауапкерілікке тартылмайды.
«Маскасыз далаға шықсаңыз, ешқандай жауапкершілікке тартылмайсыз. Дүкен мен дәріханалардың ішіне маскасыз кіретін болсаңыз, айыппұл төлейсіз. Әрине жүгіруге, серуендеуге болады. Үш адамнан аспайтын топпен жүргендер айыппұл төлеп, жауапкершілікке тартылмайды», – дейді әділет министрі Марат Бақытжанұлы Бекетаев.
ӘМ заңға тәуелді актілер департаментінің директоры Арман Шоқанұлы Кенжеғалиев дәрілердің бағасын өсірген дәріханалардың қандай жауапкершілікке тартылатынын айтты.
«Әкімшілік кодексте бағаны көтеру мәселесіне қатысты жауапкершілік қарастырылған. Бұл мәселемен денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті айналысады. Шағымдарыңыз болса сол комитетке жүгінулеріңізге болады», – дейді ол.
16 шілде 2020 ж. 198 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области