Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сырдарияда дәрі-дәрмекті қымбатқа сатқан дәріхана иесі жауапқа тартылады

Сырдарияда дәрі-дәрмекті қымбатқа сатқан дәріхана иесі жауапқа тартылады

Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданы прокурорының өкімімен дәрі-дәрмектерді негізсіз қымбаттатып сатқандарды анықтау және жауаптылыққа тарту мақсатында мобильді топ құрылып, жұмыс жүргізуде. Мобильді топ құрамында аудан әкімдігі, аудандық полиция бөлімі және аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері бар.

Бүгінгі таңда мобильді топпен жүргізілген мониторинг нәтижесінде ауданда дәрі-дәрмектерді шекті бағасынан асырып сату деректері анықталуда. Атап айтқанда, Тереңөзек кентінде орналасқан дәріхана шекті бағасы 1270 теңге болатын «Аспирин Кардио» дәрісін 1430 теңгеден сатқан. Осыған байланысты дәріхана иесінің жауапкершілігін қарау үшін іс құжаттары тиісті органға жолданды.

Тұрғындар бақылау-кассалық машинасы арқылы берілетін түбіртекте (чек) сатылған препараттың атауы мен бағасы көрсетілетінін назарға алу қажет. Егер түбіртекте көрсетілген бағаға күмән болған жағдайда «DDari.kz� мобильді қосымшасы арқылы салыстырып, анықтауға мүмкіндік бар. Сондықтан тұрғындар дәрі сатып алған уақытта міндетті түрде түбіртекті талап етуі тиіс.

Аудан тұрғындары дәрі-дәрмек бағасына күмән келтірген жағдайда аудандық прокуратураның +7 (72436) 21-5-39 нөміріне немесе 102 арнасына хабарласуына болады.


16 шілде 2020 ж. 205 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области