Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 27 шілде: Ел тарихында орын алған оқиғалар

27 шілде: Ел тарихында орын алған оқиғалар

1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Молдова Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.
2007 жылы Алматыда «Өмір аллеясы» салтанатты түрде ашылды.
Аллеяда өмірді бейнелейтін, тұмсығымен баланы алып ұшып бара жатқан құтанның мүсіні тұрғызылған. Бұл бейнелеу өмірде үлкен ауыртпалық көріп, тағдырдың тәлкегіне түскен жандарға арналған.
2012 жылы ҚР Ұлттық банкі «Республиканың игілігі» сериясынан номиналы 500 теңгелік «Байқоңыр» естелік монетасын және «Банкноттағы портреттер» сериясынан номиналы 500 теңгелік «Сүйінбай» алтын монетасын айналымға шығарды.
2017 жылы Қазақстанда «114 жедел желісінің» ресми сайты (www.114.kz) іске қосылды. Онда азаматтар дін саласына қатысты онлайн-кеңес ала алады. Сайтта дін саласындағы мемлекеттік саясат туралы өзекті ақпарат, дінге қатысты мақалалар, сұхбаттар мен сарапшылардың пікірлері көрсетілген.
«114 жедел желісі» - тек Қазақстанға ғана тиесілі емес, сондай-ақ, ТМД елдері арасындағы жалғыз бастама.
27 шілде 2020 ж. 122 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области