Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысы әкімінің орынбасары мүгедектерге арналған оңалту орталығында болды

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары мүгедектерге арналған оңалту орталығында болды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов Талсуат ауылындағы Мүгедектерге арналған оңалту орталығында болды.
№ 1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығындағы қызмет алушылар Мүгедектерге арналған оңалту орталығына уақытша көшірілген болатын. Осыған орай облыс әкімінің орынбасары орталықтың жұмысымен танысып және қызмет алушыларға көрсетіліп жатқан қызметтерді қадағалады. Орталық ішін аралау барысында Наурызбай Байқадамов мемлекет қамқорлығындағы егде жастағы азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қызметтер көрсетуде ерекше бақылау жасауды тапсырды.
Облыс әкімінің орынбарасы одан әрі елдімекендегі жүйке ауруымен ауыратын балалар мен 18 жастан асқан адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында болып, карантин кезіндегі жүргізіліп жатқан санитарлық-дизенфекциялық алгоритмге сәйкес күнделікті жүргізіліп жатқан жұмыстарымен танысып, бірқатар тапсырмалар берді.
23 шілде 2020 ж. 185 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области