Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Tamasha TV» телеарнасы бүгіннен бастап хабар таратуын тоқтатты

«Tamasha TV» телеарнасы бүгіннен бастап хабар таратуын тоқтатты

Kyzylorda-news.kz. «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының құрамына кіретін «Tamasha TV» телеарнасы 2020 жылдың 27 шілдесінен бастап хабар таратуын тоқтатады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әлемдік пандемия бұқаралық ақпарат құралдары саласына кері әсерін тигізуде. Қазақстан теленарығындағы жарнамадан түсетін табыс күрт төмендеді. Келесі жылғы болжам да көңіл көншітерлік емес. Осы күнге дейін «Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Tamasha TV» телеарнасы жарнамадан түсетін табыс негізінде қаржыландырылып келген.
«Tamasha TV» телеарнасы Қазақстандағы ойын-сауықтық бағыттағы алғашқы арна болып 2018 жылдың 1 қыркүйегінде эфирге шықан болатын. Телеарна контентін You Tube желісіндегі «Qazaqstan TV» каналынан көруге болады.
Нарықтағы қиындыққа қарамастан «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының медиаактивтері ұлттық құндылықтарды насихаттап, этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы жұмысын одан әрі күшейте түседі.
Бұл ретте биылғы жылдың 30 маусымынан бастап ашылған «Abai tv» мәдени-ағарту телеарнасына артылар жүк ауыр. Арна «Otau TV» ұлттық спутниктік операторы, «Alma TV», «ID TV» кабельдік желілері арқылы қазақ және орыс тілдерінде тәулігіне 17 сағат хабар таратты.
27 шілде 2020 ж. 139 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области