Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада ҰБТ ережесін 46 түлек бұзған

Қызылордада ҰБТ ережесін 46 түлек бұзған

Kyzylorda-news.kz. Биыл 20 маусым – 5 шілде аралығында жоспарланған Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу барысына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру мақсатында Қызылорда облысы бойынша арнайы мониторингтік тобының 27 мүшелері қатысты.

Бұл ретте, мектеп бітіруші түлектер Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті базасында, Қызылорда қаласы, «Мұрагер» мектебінде, Арал қаласы, № 262 мектеп-гимназиясында, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Ержігіт Бозғұлов атындағы № 249 мектеп–лицейінде, Жаңақорған кенті, № 110 мектеп-лицейінде, Шиелі кенті, Ғафур Мұхамеджанов атындағы № 270 орта мектебінде, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінде, Қармақшы ауданы, Ақай ауылы, №99 орта мектебінде, Жалағаш кенті, №202 орта мектебінде Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтті. Қызылорда облысы бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеу 9 пункте өткізіліп, тестілеуден өтуге жалпы 6545 құжат қабылданған (оның ішінде 5608 қазақ тілінде, 514 орыс тілінде, 10 ағылшын тілінде ҰБТ тапсыруға өтініш берген).

ҰБТ-ді қоғам өкілдері бейнекмера арқылы бақылап, тыйым салынған затты пайдаланғаны, аудиторияда тәртіп сақтау ережесін бұзғаны үшін жалпы 22 тест тапсырушыны аудиториядан шығарды. Тестілеу нәтижелері жойылған, ережеде тыйым салынған заттарды аудиторияға кіргізбек болған 24 түлек кіре берістен қайтарылды. Яғни 46 тест тапсырушының ереже талаптарын бұзғаны анықталған.

Сондай-ақ, ҰБТ қорытындысы бойынша облыс көлемінде мектеп бітіруші түлектер арасынан ең жоғары балл 132 екендігі белгілі болды.

ҰБТ барысын бақылаған қоғам өкілдері тарапынан жалпы орта білім беретін ұйымдардың директорлары, мектептегі жоғары сынып оқушылары арасында адалдық сағаттарын жүргізді. Олар ҰБТ ережелеріне қатысты түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыруға және тест тапсырушыларды ҰБТ тапсыру пункттеріне 8.00-ден бұрын жинамау, басқа да туындаған кемшіліктерді жою бағытында ұсынымдар жолдады.
27 шілде 2020 ж. 231 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области