Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда: Медициналық ұйымдарға 32,2 млрд теңге төленді

Қызылорда: Медициналық ұйымдарға 32,2 млрд теңге төленді

Kyzylorda-news.kz. Жыл басынан бері Қызылорда облысы бойынша медициналық ұйымдарына 32,2 млрд теңге төленді.
Бұл қаржыландыруды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мемлекеттік тапсырыс шеңберінде тегін медициналық қызметтер үшін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде жүзеге асырады.
32,2 млрд теңгенің 25,9 млрд теңгесі тегін медициналық көмектің кепілдік көлеміне берілген, 6,3 млрд теңгесі МӘМС аясындағы қызметтерге бөлінген.
2020 жылға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалымен 57 медициналық қызмет көрсетушілермен келісім – шарт жасалды, оның ішінде – 30 мемлекеттік медициналық ұйым (52,6%), 27 жеке меншік (47,4%).
Барлығы 59,9 млрд теңгеге шарттар жасалды, оның ішінде 43,3 млрд теңге (72,2%) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, 16,6 млрд теңге (27,8%) МӘМС қаржысы құрайды.
27 шілде 2020 ж. 216 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области