Халық санағы келесі жылға шегерілуі мүмкін
Kyzylorda-news.kz. Індетке байланысты халық санағы келесі жылға шегерілуі ықтимал, деп хабарлады "Хабар 24".
«Қазақстанда халық санағын 2020 жылдың 1 қазанынан бастап жүргізу жоспарланған еді. Алайда халық санағын жүргізетін қызметкерлер халықпен жақын қарым-қатынаста еңбек ететіндіктен, коронавирус инфекциясы қаупінің алдын алу мақсатында Ұлттық экономика министрлігі Үкіметке санақты келесі жылға шегеруді ұсынды. Мұндағы негізгі себеп – халықтың мен халық санағын жүргізетін персоналдың амандығы. Біз тиісті шешімді күтіп отырмыз», - деді ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.